Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Щучинсктегі дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандар саны 8-ге жетті

Щучинсктегі дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандар саны 8-ге жетті
Сурет: amiel.club
Ақмола облысында дәмханада болған жарылыстан зардап шеккендердің бірі көз жұмды.

Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Жарылыстан зардап шеккендердің бірі “Авиценна Бурабай” ауруханасында жатқан болатын. Бүгін көз жұмды. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер осы уақытқа дейін науқасты аман аып қалу үшін барын салған.

«Өкінішке орай, ер адам көз жұмды», - деді Бурабай ауданының әкімдігі.

Қазір зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр.

 
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар