«Басынан таяқпен ұрып, жұдырық жұмсаған»: желіде Алматыдағы орталықта ерекше балаларды қинаған видео тарады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:34
- 36
Алматыда “Феникс” арнайы орталығына қатысты шу шықты. Ата-аналар орталық қызметкерлері ерекше балаларды жүйелі түрде ұрып-соғатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Threads желісінің қолданушысы жариялады. fey4ka лақап атымен танымал қазақстандық блогер Перизат орталық тәрбиеленушілерін таяқпен ұрып, күш қолданатынын жазады.
Алматы қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан «Феникс» орталығында диагнозы бар балаларды ұрады. Бастарынан таяқпен, жұдырықпен ұрып-соғады. Мұны ата-аналардың өздері де көрген. Бірақ бейнежазбаны полиция алып кетті. Біз, ерекше балалардың ата-аналары, орталық жұмысын әрі қарай жалғастыра ма деп қорқамыз. «Феникс» орталығының директоры өз қызметкерлерін барынша қорғап отыр. Орталықтағы жаттықтырушылардың арнайы профильдік білімі жоқ. Көшеден келген кез келген адам қысқа курстан өтіп, сол жерде сертификат алып, ерекше балалармен жұмыс істей алады», - деп ата-аналардың алаңдайтынын жазады.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық бір рет емес, бірнеше рет жасалған. Жанат есімді жаттықтырушы ата-аналардың рұқсатынсыз тікелей эфирге шығып, балаларды көрсеткен. Ал 16 ақпанда Тофик есімді қызметкер баланы ішінен ұрған.
Бұл мәселеге қатысты Бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдірді.
«Қазіргі таңда құзырлы органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталып, видеоматериалдар өндіріске алынды», - деп жазды Зәкиева.


