Басты жаңалықтар
Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік жаншып кетті
- автор kyn.kz
- Бүгін, 09:07
- 38
Рудный қаласында жас баланы көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kyn.kz.
Рудный қаласында жас баланы көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kyn.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Алдын ала дерек бойынша, «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі кері жүріп келе жатып, баланы қағып кеткен.
«Кәмелетке толмаған баланың қаза болуына әкелген жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», деп түсіндірді полициядағылар.
Полиция жүргізушілерді аулалар мен тұрғын үй аймақтарда, әсіресе кері қозғалған кезде, барынша мұқият болуға шақырды.
Келесі мақала




