Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Хаменеидің ұлы Иранның Жоғарғы көсемі болып тағайындалды

Хаменеидің ұлы Иранның Жоғарғы көсемі болып тағайындалды
Dw
Моджтаба Хаменеидің Жоғарғы көшбасшы болып сайланғаны туралы ақпарат тарады,-деп хабарлайды Kyn.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеп.

Бірқатар шетелдік басылымдар Ирандағы билік ауысуы мүмкін екені жөнінде ақпарат таратты. Атап айтқанда, Iran International басылымы Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеидің елдің Жоғарғы көшбасшысы болып сайланғаны туралы хабарлады.

Кейін бұл ақпаратты The New York Times те жазды. Басылым мәліметінше, Жоғарғы көшбасшыны таңдауға жауапты жоғары діни кеңес сейсенбі күні жиналып, кандидатураны талқылаған.

Сондай-ақ Deutsche Welle (DW) дерегіне сәйкес, шешімді 88 жоғары шиит дінбасынан тұратын орган қабылдаған болуы мүмкін. Бұл орган Иран Конституциясына сәйкес Жоғарғы көшбасшыны сайлау құзыретіне ие.

Алайда Иран билігі тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жарияланған жоқ. Сонымен қатар, Әли Хаменеидің қаза тапқаны туралы ақпарат та ресми деңгейде расталмаған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар