Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талғарда жеті баланың әкесін пышақтап өлтірді: әйелі мен оның анасы күдікке ілінді

Талғарда жеті баланың әкесін пышақтап өлтірді: әйелі мен оның анасы күдікке ілінді
Сурет: konakovoregion.ru
Ер адамды әйелі мен оның анасы пышақтап өлтірді.

Талғарда жеті баланың әкесін пышақтап өлтірді. Әйелі мен оның анасы күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алдын ала деректер бойынша, ер адамға 30-дан аса рет пышақ жарақаты салынған. Отбасының адвокаттары Асылбек Әбдіраимов пен Жандос Палмановтың айтуынша, оқиға 14 ақпанда болған.

"Күдіктілер – қаза болған адамның әйелі мен оның анасы. Қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі, 7-тармағы "Алдын ала сөз байласу арқылы топпен кісі өлтіру" бойынша тіркелген", – деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, жанжалға ер адамның полицияға арыздануы себеп болған.

"Бұған дейін полиция әйелдің аттарды ұрлап, сатуға қатысы бар екенін анықтаған. Олардың пікірінше, бұл жанжалдың себебі болуы мүмкін. Шабуыл ер адам ұйықтап жатқан кезде жасалған. Қаза болған адамның артында жеті баласы қалды", – деп толықтырды адвокаттар.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі де жағдайға қатысты пікір білдірді.

Полиция барлық жағдайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар