Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Тыйым салу керек": Ақтөбеде пауэрбанк өртеніп, үй толығымен жанып кетті

“Тыйым салу керек": Ақтөбеде пауэрбанк өртеніп, үй толығымен жанып кетті
Фото: Видеодан кадр
Ақтөбе қаласында қарапайым пауэрбанктың кесірінен бір отбасы үйсіз қалды, деп хабарлайды kyn.kz.

Ақтөбе қаласында қарапайым пауэрбанктың кесірінен бір отбасы үйсіз қалды, деп хабарлайды kyn.kz. 

Қайғылы жағдай 28 ақпанда болған. Тимур Майрумбаевтың үйінде пауэрбанк жарылып, баспананың ішін күлге айналдырған. Бұл үйде Тимур екі ұлымен және әкесімен бірге тұрған. Әкесі Құрман Майрумбаевтың айтуынша, бәрі аяқ астынан басталған.

«Бір тарс еткен дыбыс естідім, жарылыс сияқты. Жүгіріп барсам, ұлымның бөлмесінде немерелерім пауэрбанкті қосып қойған екен, сол жерден от лап етті. Жарылыс болып, түтін шықты. Бірден шкаф жана бастады. Дем алу мүмкін болмай қалды. Түк көрінбейді. Мұндай өртті ешкімнің басына бермесін. Әсіресе балаларға оны қосуды мүлде тыйым салу керек», – деді ол.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар