Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізіледі: Жұманғарин қосымша құн салығынан кейінгі жағдай туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:45
- 29
Қазақстанда жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін. Мәжілістегі брифингте Қаржы министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Төлем қабілетінің төмендегенін кейбір бизнес өкілдерінің жабылғанын айтқан журналистерге Жұманғарин салық реформасы азаматтардың сенімі керісінше, арттқанын жеткізді.
Ол қосымша құн салығы тек 4%-ға көтерілгенін де атап өтті.
Сондай-ақ, вице-министрден жаңа Салық кодексіне талқыланып жатқан өзгерістер енгізіле ме деп сұрады.
«Белгілі бір мәселелер бойынша қарау және жауап беру мерзімдерін белгіледік. Егер сол уақыт ішінде жауап бере алмасақ, онда мәселе жүйелі сипатқа ие деген сөз, ол Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының талқылауына жіберіледі. Бұл — жыл сайын отырыс өткізетін стандартты жұмыс тобы. Сондықтан, өзгерістерді, ең ықтималы, осы жылдың соңында көруіміз мүмкін. Ал олар келесі жылдан бастап күшіне енуі мүмкін. Кей жерлерде Бюджет және Салық кодекстері арасында сәйкессіздіктер болды. Бірақ жалпы жағдай жұмыс тәртібінде», — деді Серік Жұманғарин.
Шенеунік Салық кодексі түзетулерінің 1 қаңтардан бастап күшіне енетіндей етіп құрылғанын да атап өтті.
«Сондықтан қандай да бір түзетулер енгізілсе, олар 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазір қоғамды дүрліктіргіміз келмейді, нақты бірнеше түзетуді атағымыз келмейді», — деп қосты ол.



