Қоғам
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 851 жолаушы жеткізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 наурыз, 2026
- 192
Таяу Шығыс елдерінен 851 бір қазақстандық елге оралды.
Таяу Шығыс елдерінен 5 наурызға қараған түні Қазақстанға 5 рейспен 851 жолаушы жеткізілды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Комитет мәліметінше, жолаушыларды жеткізу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар бүгін де бірнеше рейс орындайды:
- Air Astana әуекомпаниясы Жидда - Ақтау - Алматы және Жидда - Атырау - Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.
- SCAT Airlines әуекомпаниясы Маскат - Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындайды.
- Air Arabia әуекомпаниясы Шаржа - Алматы бағыты бойынша рейс орындап жатыр. Тәуліктің соңына дейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.
- Flydubai әуекомпаниясы Дубайдан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр.
Келесі мақала
Ресей Еуропаны газбен қамтамасыз етуін тоқтатуы мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
- авторkyn.kz
- 18 сәуір, 2026




