Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ресей Еуропаны газбен қамтамасыз етуін тоқтатуы мүмкін

Ресей Еуропаны газбен қамтамасыз етуін тоқтатуы мүмкін
Ашық дереккөз
Кремель Еуроодақты газбен қамтамасыз етуін мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін

Ресей билігі Еуроодақпен энергетикалық қарым-қатынасты қайта қарастыруы ықтимал. Владимир Путин үкіметке Батыс бағытындағы газ экспортының болашағын бағалауды тапсыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде РБК хабарлады.

Мәскеудің бұл ұстанымы Еуроодақтың ресейлік көмірсутектерге қатысты жаңа шектеулер енгізу жоспары аясында айтылып отыр. Брюссель 24 наурызда кезекті санкциялық пакетті бекітпек. Кремль басшысының сөзінше, қазіргі геоэкономикалық жағдайда Ресей үшін балама нарықтар пайда болуда.

«Егер жаңа бағыттар ашылып жатса, неге соларға басымдық бермеске? Мүмкін, Еуропаға газ жеткізуді тоқтату біз үшін тиімді болар», – деген пікір білдірді ол. Алайда бұл әзірге ресми шешім емес, ықтимал сценарий ретінде ғана қарастырылып отыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар