Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Теміртауда көпбалалы ана 13-ші сәбиін өмірге әкелді

Теміртауда көпбалалы ана 13-ші сәбиін өмірге әкелді
Сурет: видеодан скриншот
Көпбалалы ана 13-ші сәбиін босанды.

Теміртау қаласында әйел 13-ші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Көпбалалы ана Лариса Кузнецова 2 наурыз №1 Перинаталдық орталықтағы облыстық клиникалық ауруханада ұлды болды. 

Нәрестенің салмағы – 3650 грамм, бойы – 54 сантиметр. Босану табиғи жолмен және ешқандай асқынусыз өтті. Отбасының тұңғышы – 25 жаста. Ал жаңа туған сәби отбасының тоғызыншы ұлы екен.

Әйелдің айтуынша, өзі де көпбалалы отбасында өскен. Ал жұбайы керісінше үйінде жалғыз бала екен.

“Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім, сондықтан бұл мен үшін таңсық дүние емес. Жолдасым жалғыз бала болып өскен, бірақ уақыт өте келе үлкен отбасыға үйренді. Сәбиіміздің дүниеге келгеніне ерекше қуанып отырмыз. Баланың аман-есен дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлерге алғысымды білдіремін”, – дейді Лариса.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар