Теміртауда 20 жастағы жігіт өзінің ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінде 49 жастағы әйел адам мен 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оқиға 7 қазан күні болған. Қарағанды облысының Полиция департаментінің мәліметінше, “Адам өлтіру” фактісі бойынша іс қозғалды.


















