Басты жаңалықтар
"Әділдік қайда?" Мақтаралдық 80 жастағы қеуананы қайынағасының ұлы зорлаған (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 18 шілде, 2018
- 261
«Есік алдына шыққан соң менің шешемді қылқындырып ала жөнелді. Сөйтіп 2 жарым шақырымдық егістік алқабына сүйреп апарып, сорақы жағдайға душар етті менің шешемді.»
«Екі рет шашынан сүйрелеген. Тескеру нәтижелері бар. 3 адам куә болса шындық болады дейтін еді. Әділдік қайда екенін мен білмеймін. Осындай жағдайға жетіп отыр менің шешем», - дейді жәбірленушінің қызы Маржан Әділбаева.
Кейуанаға түн ортасында баласын іздеп келген қайынағасының ұлы тап берген. Ауыл сыртындағы егістікке шығарып, ойына келгенін істеген.
«Есік алдына шыққан соң менің шешемді қылқындырып ала жөнеледі. Сені Рамаданға апарып тұншықтырып өлтіремін. Сен менің әкемді дуалап өлтіргенсің деп менің шешемді сүйрейді. Бұл ішкөйлекпен жатқан. Шешем айқайлаған «Құтқарыңдар» деп. Оны ешкім естімейді. Сөйтіп 2 жарым шақырымдық егістік алқабына сүйреп апарып, сорақы жағдайға душар етеді менің шешемді», - дейді кейуанының қызы.
Істі қараған аудандық ішкі істер басқармасының жұмысына қанағаттанбаған жәбірленушілер бүгін бар үмітті «Нұр Отанға» артты. Қоғамдық қабылдауға келген мамандар сорақылыққа барған азаматтың былығы анықталса, тиісті жазасын алуы керек деп шешті. Сондықтан да істі облыстық тергеу басқармасы өз қадағалауына алды.
«Басынан бастап қайтадан тергейміз. Егер тағы да шешімге сіздер наразы болсаңыздар прокуратураға арыз жазсаңыздар болады. Қосымша сараптама керек болса Астанадан да тағайындаймыз. Заңды түрде шешім қабылдап, прокуратура органдарына жұмсаймыз», - дейді ОҚО ІІБ тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Охашов.
https://youtu.be/nuwapviXjlc
Келесі мақала