Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда мыңнан аса елді мекенді су басуы мүмкін

Қазақстанда мыңнан аса елді мекенді су басуы мүмкін
Фото: ТЖД
Еліміз бойынша су басу қаупі жоғары 1242 елді мекен бар, деп хабарлайды kyn.kz.

Еліміз бойынша су басу қаупі жоғары 1242 елді мекен бар, деп хабарлайды kyn.kz.

Бес өңірде тасқын қаупі төніп тұр. Үкімет басшысы Ақмола облысына жасаған сапарында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізіп, әрекет алгоритімін пысықтады.

Сондай-ақ өңірде атқарылып жатқан бірқатар жобамен танысты. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қар қалың. Көктемде сірескен мұз сес көрсетуі мүмкін. Топырақтың тоңы жібіген жоқ.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің сөзінше, қауіпке қарсы 39 мың адам, 18 мыңнан астам техника мен арнайы құралдар әзірленген. Барлық қызметтер жоғары жауынгерлік дайындыққа көшкен. Ахуал күрделенген жағдайда қажетті шешімдер дереу қабылданбақ. Десе де, сын көтермейтін салаға салғырт қарап отырған аймақтар бар, деді Үкімет басшысы.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар