Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
economist.com
Синоптиктер 2026 жылғы 7 наурызда Қазақстанның екі қаласының тұрғындарын ауаның ластануының жоғары деңгейі туралы ескертті.

"Қазгидромет" болжамынша, 7 наурыз күні Атырау және Балқаш қалаларында ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластану көздерінің маңында азырақ жүргені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары сырқаттары мен аллергиясы бар адамдар сыртқа шыққанда өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруге тиіс.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар