Алматыда 7 баланың анасы мерекеге сыйлық ретінде бір күн жұмысқа шықпауды армандайды (Видео)
- автор kyn.kz
- Бүгін, 18:14
- 11
Алматыда тұратын 7 баланың анасы Лаура отбасын асырау үшін аптасына жеті күн жұмыс істейді. Демалған күні отбасы күндік табыстан айырылып, бала-шаға тамақсыз қалуы да мүмкін. Өйткені Лаураның күйеуі, жеті баласының әкесі денсаулығына байланысты жұмыстан шығып кеткен,-деп жазды KYN.KZ тілшісі.
47 жастағы Лаура 31 жасында тұрмысқа шығып, қатарынан сәбилерін дүниеге әкеп көпбалалы ана атанды. Сөзінше тұрмысқа шыққаннан үйде бала тәрбиесімен, күйеуінің күтімімен отырған.
"Он жылдай бала тәрбиесімен айналыстым, күйеуім жұмыс істетпей бақты. Ойламаған жерден күйеуім ауырды, бүгінде үйде. Тек балаларға қарап, арасында такси қызметін жасайды. Мен қазір асханада еңбек етемін. Аптасына 7 күн жұмыс істеймін. Күнделікіті 12 мың теңге табамын. Ол ақша сол күннің тамағы, балалардың күнделікті керегіне жұмсаймын. Үлкенім 11-сыныпта. Сабақты жақсы оқиды.Сол үлкенім оқуға өз білімімен түсіп кетсе екен деген арманым бар",-дейді көпбалалы ана.
Лаура жұмыс істейтін асханаға KYN.KZ тілшісі кірген сәтте көпбалалы ана қасындағы қыздарға "Бүгін бір блогер маған келіп, "Демалыңыз, бір күндік ақшаңызды мен төлеп берейін" десе үйге жүгіретін едім" деп әзілдеп тұрды. 7 баланың анасы айналасына әзілдескен кейіп танытқанымен оның ішкі ойында шаршау, қажу бары сезілді. Сөйлесе келе көңілді келіншектің күлкісінің артында аздаған шаршау бары байқалды.
Құрметті оқырман, Лаураны қолдағыңыз келсе 87027172624 нөміріне ақша аудара аласыз. Көпбалалы отбасының жағдайын білгіңіз келсе Лаураның өзімен сөйлесіп көріңіз: 87021474030.



