Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Қарақат Әбілдина ел естімеген қуанышты жаңалығын айтты

Қарақат Әбілдина ел естімеген қуанышты жаңалығын айтты
Фото: ашық дереккөзден
Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Kyn.kz.

Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Kyn.kz. 

Өнер иесі қыз-келіншектер қауымын 8-наурыз мерекесімен құттықтады.

“Аналар мерекесі құтты болсын! 

Былтыр дәл осы мерекеде Президентіміздің қолынан «Парасат» орденін алып, үлкен қуанышқа бөленіп едім. Биыл да Мемлекет басшысының құттықтауы жетіп, көңілім марқайып, ерекше әсерде отырмын.

Президент ықыласын сезіну – мен үшін үлкен құрмет. Бұл – тек маған ғана емес, өнерге, халықтың ықыласына көрсетілген құрмет деп білемін. Осындай сәттер адамға жауапкершілік жүктеп, елге адал қызмет етуге жігер береді.

Барша аналарды, апа-сіңлілерді көктемнің ең шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңырақта амандық, мейірім, береке болсын”,- деп жазды Қарақат Әбілдина.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар