Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

«Аңдыған»: Вьетнамда қазақ қызының жоғалуына қатысты министрлік мәлімдеме жасады

«Аңдыған»: Вьетнамда қазақ қызының жоғалуына қатысты министрлік мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан кадр
Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Жоғалған Әсемнің әпкесі әлеуметтік желіде көмек сұрап, жұртшылықтан оны іздеуге қолдау көрсетуін өтінді, деп хабарлайды kyn.kz.

Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Жоғалған Әсемнің әпкесі әлеуметтік желіде көмек сұрап, жұртшылықтан оны іздеуге қолдау көрсетуін өтінді, деп хабарлайды kyn.kz. 

Оның айтуынша, Әсем 6 наурыз күні Хошимин қаласында байланысқа шықпай қалған.

Әпкесінің сөзінше, 26 жастағы Әсем Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстан консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде ол байланысқа шығуын тоқтатқан. Туыстарының айтуынша, жоғалар алдында Әсем қатты қорқып жүргенін айтып, біреулердің өзін аңдып жүргенін жеткізген.

Бұл жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматшаның туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзырлы органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оның нақты қайда екені анықталуда. Жағдай ҚР СІМ-нің бақылауында.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар