Алған жарақатының ауыр болғаны сонша, бала оқиға орнында қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына жақын жердегі Шекоман ауылында қайғылы жағдай болды. 16 жастағы бозбалаға найзағай түсті. Алған жарақатынан бозбала оқиға орнында қайтыс болған.
"Бұндай жағдайда азаматтар табиғатқа шықпай үйде отырулары керек. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына найзағай көбірек түсетін болып жүр. Негізінен найзағай шабандар мен қойшыларды жарақаттайды, көбіне соңы қайғыға әкеп соғады", – делінген ТЖД хабарламасында.
Бірнеше күн бұрын тұрғындарға найзағай түсіп, жел күшеюі мүмкін екені, ауа райының құбылмалы болатыны ескертілген.
Құтқарушылардың сөзінше, найзағай ойнаған кезде ғимараттың ішіне кіріп отыру керек, ашық алаңда қалсаңыз, тоқтап тұрып, күн ашылғанша орныңыздан тұрмаңыз. Жалғыз тұрған ағаштың қалқасына тығылмаңыз, найзағай бірінші кезекте биік затқа түседі, оның ішінде ағаш та бар. Әсіресе емен, қарағай, терек, шырша найзағай ойнаған кезде адам өміріне қауіпті.