Басты жаңалықтар
Тойбастарды өзі таратқан Ғаділбек Жанай жұртты күлкіге қарық қылды
- автор kyn.kz
- 18 шілде, 2018
- 661
«Тойбастар тарататын адам болмаған соң өзім тараттым. Бір-екеуін тығайын деп едім болмады»
Әнші Ғаділбек Жанай тойда тойбастар таратып тұрған сәтте түсірілген видеосын бөлісіп жұртты күлдірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің айтуынша, үстел басында тойбастарды ашатын адам болмаған соң осындай қадамға барған. Арасында өзіне көбірек тойбастар алғысы келгенін де жасырмады.
«Тойбастар тарататын адам болмаған соң өзім тараттым. Бір-екеуін тығып алайын деп едім болмады. Той көп, бірақ мұндай нәрселер ысырап болмағаны жөн. Ұлдар үйленіп, қыздар тұрмысқа шықсын», - дейді Ғаділбек Жанай.
Көпшілік әншінің мұңды өлеңдер айтатын табиғатына үйреніп қалғандарын жазып жатыр. «Сізді жылататын өлеңдер айтып жүргенге мұңды адам деп ойласам», «Қыз қылығымен тәтті болса, сіз күлкіңізбен тәттісіз. Алланың нұры жаусын», «Балам өте сайыпқырансың. Сен де осындай той көр», «Жарайсыз! Халық сізді қарапайымдылығыңыз үшін жақсы көреді», «Ғаділ жарасады екен саған. Сол баяғы қалпыңда қалыпсың ғой», «Түү, сіздің де шығармайтыныңыз жоқ» деп жазды желі қолданушылары. Автор: Kyn.kz