Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Қаралы хабар: Қазақстанның Халық әртісі көз жұмды

Қаралы хабар: Қазақстанның Халық әртісі көз жұмды
Фото: freepik.com
Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Людмила Николаевна Турпаян-Ванюкова өмірден озды, деп хабарлайды Kyn.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

«Людмила Николаевна өмірін театр мен отандық мәдениетке арнаған. Шығармашылық қызметі барысында ол 150-ден астам есте қаларлық рөлдер жасап, көрермендердің шынайы сүйіспеншілігі мен әріптестерінің құрметіне ие болды. Оның таланты, өнерге адалдығы және жоғары кәсібилігі Қазақстан театр өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қалдырды.

Людмила Николаевна жайлы жарқын естеліктер оның шәкірттері, әріптестері және көптеген жанкүйерлерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Министрлік туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», - делінген хабарламада.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар