Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

«Терісі сыпырылған»: Алматыдағы қоқыс алаңынан сегіз иттің өлексесі табылды

«Терісі сыпырылған»: Алматыдағы қоқыс алаңынан  сегіз иттің өлексесі табылды
Фото: Видеодан кадр
Алматының Алатау ауданында тұрғындар қоқыс алаңынан жануарлардың бөлшектелген қалдықтарын тауып алды, деп хабарлайды Kyn.kz.

Куәгерлердің айтуынша, бұл жерден терісі сыпырылған сегіз иттің өлексесі табылған. Сонымен қатар тұрғындар сол маңнан түлкінің бастары, биологиялық қалдықтарға толы қаптар мен көп мөлшердегі аң терісін көргендерін айтады. Сыртқы белгілеріне қарағанда, жануарлар арнайы бөлшектелген болуы мүмкін.

Оқиға орнында көлік іздері байқалған. Тұрғындардың болжамынша, жануарлардың қалдықтары бұл жерге көлікпен әкелініп тасталған болуы ықтимал.

Оқиға туралы хабардан кейін полиция қызметкерлері келіп, табылған жануар қалдықтарын алып кеткен. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар