Атыраудағы отбасының жоғалуы: Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық ауруханаға жатқызылған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:22
- 103
Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтанның бұрынғы әйелі – Ақбаян Мұқанғалиева облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты қаза тапқандардың туыстары жария етті.
«Ақбаянның психикалық денсаулығына қатысты есепте тұрғанын білеміз. Ақбаянның енесінің сөзінше, ол Атыраудағы психикалық ауруханаға жатқызылған», - дейді туысы.
Күдіктінің анасы Гүлнар Азмұқанова бесінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін әйелдің психологиялық жағдайы ауырлап, ем қабылдауға мәжбүр болған.
Еске салсақ, бұған дейін 2025 жылдың күзінде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалған. Кейін ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насипа Өтешқалиеваның денелері үй ауласынан табылған болатын. Ал олардың балалары Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиеваның денесі іздеу операциясы барысында күйеубала мен әпкелерінің тұрған үйінің ауласынан табылды.
Қазір табылған мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.




