Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Конституция- Әділ қоғам мен еңбек адамының құқығын қорғаудың негізі

Конституция- Әділ қоғам мен еңбек адамының құқығын қорғаудың негізі
KYN KZ
Өңірлік коалиция мүшелері Айгүл Есекенова, Серік Сүлеймен және Тоқтар Кенжеғалиев Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – Конституцияның жаңа жобасын таныстыру және оның қоғам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасу болды. Ашық әрі мазмұнды өткен кездесуде жаңа Конституция жобасында қарастырылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік бастамалар және ел дамуына қатысты маңызды өзгерістер кеңінен түсіндірілді.

БҚО Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова өз сөзінде еңбек адамы – қоғамның басты тірегі екенін атап өтті. Ол жаңа Конституция жобасында қарастырылған әлеуметтік әділдік, еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету сияқты қағидаттар әрбір еңбек адамының өміріне тікелей әсер ететін маңызды қадам екенін жеткізді.

«Еңбек адамының құқығы қорғалмайынша, қоғамда әділдік те, тұрақты даму да болмайды. Сондықтан жаңа Конституцияда қарастырылған әлеуметтік бағыттағы бастамалар – қарапайым еңбеккерлердің ертеңіне деген сенімін нығайтатын маңызды өзгерістер», – деді ол.

Кездесу барысында қатысушылар алдағы референдумның ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Жаңа Конституция жобасы қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, еңбек адамының қадір-қасиетін арттыруға бағытталғаны ерекше айтылды.

Осындай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, маңызды реформалардың мәнін түсіндіруге және әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік береді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар