«Бес баладан 501 роза»: Мөлдір Мұқанға балалары ерекше сыйлық жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 наурыз, 2026
- 404
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, продюсер, әрі актриса Мөлдір Мұқанды қыздары мен ұлдары мерекеде қуантты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мөлдір әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, балаларының 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қандай сыйлық жасағанын көрсетті. Балалары жүрек жарды тілектерін айтып, аналарына 501 рза гүлін сыйлады.
«Бес баладан 501 роза», - деп продюсер қуанышын жасыра алмады.
Сөзінше, алғаш рет осыншама көп гүл алған.
«Ең қымбаттым, әлемдегі аяулым, ең сұлуым, жаны мөп-мөлдір анашымның қуанғаны, балаша таңданғаны үшін бар әлемнің гүлін сыйлауға дайынбыз. Мамамыз біздің, жарық жұлдызымызсыз, сонымен қатар қарапайым мейірімді дана анамызсыз. Сіздей ананың баласы болған біздер бақыттымыз», - деп құттықтады ұл-қыздары.
Желі қолданушылары да бұл көрініске сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Бәтима Зәурбекованың 80 жылдығына арналған көрме өтеді
- авторkyn.kz
- 1 қыркүйек, 2026
Қазақстанға Энрике Иглесиас келеді: Астана әкімдігі үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026




