Павлодарда декреттік демалыста отырған шенеуніктің әйелі қызметтік көлікті мас күйінде айдаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 наурыз, 2026
- 137
Мәдениет және туризм министрлігінің қызметкерінің әйелі декреттік демалыста бола тұра қызметтік автокөлікті пайдаланған. Мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Павлодар соты "Еңбек мобильділігі орталығының" директоры Меруерт Есембаеваны кінәлі деп таныды. Оқиға 22 ақпанда түнде болған. Ол қызметтік Chery Tiggo 7 Pro көлігін полиция талабына бағынбай жүргізіп кеткен. Полиция оны қуып жеткен соң тоқтатқанымен, алкогольді тексеруден өтпеген.
Сотта Есембаева мен оның қорғаушылары кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысқан. Полицияның бейнежазбасы мен медициналық орталық камераларынан Есембаеваның дәрігердің қолын ысырып, дөрекі сөйлегені байқалады. Ол ешкімге көнбей, өзінің жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Сонымен қатар, ол "Үйде балаларым күтіп отыр" деп жауапкершіліктен құтылуға тырысқан. Есембаева жедел жәрдем шақырып, ауруханаға кеткен.
Полиция мәліметінше, көліктің ішінде ашық сыра банкісі мен чечил табылған.
Сот оның төрт кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, әйелді ұстау туралы шешім шығармаған. Бірақ 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Айт кетсек, Меруерт Есембаева – Мәдениет және туризм министрлігінің спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төраға орынбасары Нұрлан Есембаевтың жұбайы.




