Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Блогер Жанабыловтар ісі: Астанада сот отырысы басталды

Блогер Жанабыловтар ісі: Астанада сот отырысы басталды
Сурет: ашық дереккөздерден
Ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова сот отырысына келді.

Астана қаласында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ерлі-зайыптылар сотқа адвокаттарымен бірге келді. Сот отырысы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Сот залында блогерлердің адвокаты істі жабық режимде қарау туралы өтініш білдірді. Алайда прокурорлар бұл өтінішке қарсылық танытты. Нәтижесінде сот қорғау тарапының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова сотта БАҚ өкілдерінің сот процесі кезінде оларды видеоға түсіріп, фотоға түсіруіне қарсы екенін айтты.

Айта кетейік, блогерлер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген күдікке ілінген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар