Екібастұз тұрғыны үйінде ішімдік дайындап, оны қымбат алкоголь ретінде сатқан (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 наурыз, 2026
- 2.1k
Екібастұз тұрғыны қолдан арақ-шарап өндіріп, бөтелкесінің сыртына қымбат брендті ішімдіктердің белгілерін жапсырып, сатқан, деп хабарлайды KYN.KZ
Полиция оның үйін тінту кезінде 140-қа таяу бөтелке мен 300 литрге таяу сұйықтық тәркілеген.
Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергеновтің айтуынша, тәркіленген сұйықтықтардың бәрі сараптамадан өтіп жатыр.
«Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін (виски, ликер, сыра) қолдан жасап шығаруға арналған аппарат, сондай-ақ спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылған, алайда акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнім сараптамаға кетті, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – дейді ол.
Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз дайындау, сондай-ақ оны өндіруге арналған жабдықтарды сақтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Қазақстанда доллар 491 теңгені құрады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
- авторkyn.kz
- 18 сәуір, 2026




