Ақтөбеде 30 жастағы бала күтушісі үй иесінің алтындарын ұрлаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:40
- 53
Ақтөбе қаласында полицейлер ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап .
Биылғы қаңтар айынан бастап әйел көпбалалы отбасының үйінде күтуші болып жұмыс істеген. Жұмыс берушілердің сенімін пайдаланып, ол үй иесіне тиесілі бірнеше зергерлік бұйымды ұрлап кеткен. Көпбалалы ана алтын бұйымдардың жоғалғанын наурыз айында байқап, полицияға жүгінген.
Белгілі болғандай, үй иелері күтушіні әлеуметтік желідегі хабарландыру арқылы тапқан.
Күдікті алтын әшекейлердің қай жерде сақталатынын білгеннен кейін оларды біртіндеп үйден алып шығып, ломбардқа өткізіп отырғанын мойындады. Түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Ұрланған заттардың арасында алтын сырғалар, шынжыр және сақиналар бар. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды.
Ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


