Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Серік Сәпиев: Нағыз күш – бірлікте!

Серік Сәпиев: Нағыз күш – бірлікте!
Сурет: inkaraganda.kz
Серік Сәпиев реформалардың келесі кезеңі – азаматтардың мүдделерін білдіретін институттардың рөлін күшейту екенін тілге тиекетті.

Елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаға қатысты түрлі саланың өкілдері, соның ішінде спорт саласының саңлақтары да өз ой-пікірлерін білдіріп жатыр. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев әлеуметтік желіде елдегі саяси өзгерістер жайында ой қозғап, бұлреформаны ұлт тағдырындағы маңызды әрі жауапты кезең деп атады.

«Қазақстан азаматы, қоғам қайраткері әріқарапайым тұрғын ретінде мен ұсынылып отырғанбастамалардың маңызын терең түсінемін әрімемлекеттілігіміздің жүйелі түрде жаңару мен нығаю бағытын қолдаймын. Біз 2022 жылыбайыпты өзгерістер жолына түсіп, ӘділеттіҚазақстанды құруға бет алдық. Бүгінгі реформа – осы өзгерістердің қисынды жалғасы. Бұл тосынбетбұрыс емес, мемлекеттің орнықтылығы мен қоғам сенімін арттыруға бағытталғанойластырылған үдеріс», деп жазды спортшы.

Серік Сәпиев реформалардың келесі кезеңі – азаматтардың мүдделерін білдіретін институттардың рөлін күшейту екенін тілге тиек етті.

«Спортшы ретінде айтарым, мен нағыз күш – тәртіпте, командалық жұмыс пен ережелергебағынуда екенін жақсы білемін. Қуаттымемлекеттің негізінде де осы қағидалар жатыр. Жеңіс бір күнде келмейді, ол шыдамды, дайындықпен бірлікті талап етеді. Бүгінде мемлекеттікқұрылысты нығайтуда дәл осы талап алдымызданшығып отыр», деп жазды олимпиада чемпионы.

Оның айтуынша, Президентіміз жауапты да жасампаз отаншылдықтың салтанат құруына ден қойып келеді. Бұл дегеніміз – ұлтжанды азаматекеніңді құр ауызбен емес, күнделікті адалеңбекпен дәлелдеу деген сөз.

«Мен және еліміздің барлық спортшысы үшіналдымызға қойылып отырған міндет айқын: ол – бұқаралық спортты дамыту, жас дарындардықолдау, спорт пен салауатты өмір салты әрбірбалаға және әрбір отбасына қолжетімді болатындайетіп жағдай жасау», деді спортшы.

Сонымен бірге С.Сәпиев ұсынылып отырған жаңа Ата заң жобасын қоғам болып талқылаудыңмаңызы жайында да ойын білдірді. Оныңайтуынша, халық ынта-жігер танытпай референдум өткізу мүмкін емес. Әрбір азаматтың пікірімаңызды әрі ол діттеген жерге жетуі керек.

«Осылай ғана біз ел мүддесіне қызмет ететіншешімдерге қол жеткізе аламыз. Көтерілгенбастамалар біздің мемлекеттілігіміз бен егемендігімізді нығайтып, келешек ұрпақ үшінжаңа мүмкіндіктер ашатынына сенемін. Бұлтұрақты даму мен ұлттық бірліктің жолы. Сенімге, еңбек пен өзара құрметке иек арта отырып, бізқуатты, әділетті әрі табысты Қазақстанды құрааламыз», деп ойын түйіндеді боксшы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар