Еңбек министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін атады
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:30
- 26
2026 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға жалпы сомасы 114 миллиард теңге жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табыс деңгейіне қарамастан ала алады.
2026 жылы көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері балалар санына қарай белгіленген:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (69 330 теңге);
5 баласы барларға – 20,04 АЕК (86 673 теңге);
6 баласы барларға – 24,05 АЕК (104 017 теңге);
7 баласы барларға – 28,06 АЕК (121 360 теңге);
8 және одан да көп баласы барларға – әр балаға 4 АЕК (17 300 теңгеден).
Сонымен қатар, наградталған аналарға арналған жәрдемақы да төленеді. Ол "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, "Ана даңқы" орденінің I және II дәрежелерімен наградталған аналарға беріледі.
Ай сайын төленетін жәрдемақы мөлшері:
"Күміс алқа" иегерлеріне – 6,40 АЕК (27 680 теңге);
"Алтын алқа" иегерлеріне және "Батыр ана" атағын алғандарға – 7,40 АЕК (32 005 теңге).
Министрлік 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалар бар отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 10 пайыз өскенін да атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда әскери дайындық кезінде 21 жастағы сарбаз қаза тапты
- авторkyn.kz
- 13 наурыз, 2026


