Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Иранның жоғарғы көшбасшысы жараланып, Мәскеуге жеткізілгені туралы ақпарат тарады

Иранның жоғарғы көшбасшысы жараланып, Мәскеуге жеткізілгені туралы ақпарат тарады
Сурет: rus.lsm.lv
Жараланған Моджтаба Хаменеи жасырын Мәскеуге жеткізілді - БАҚ.

Иранның жаңа тағайындалған Жоғарғы көшбасшысы жараланып, ем алу үшін Мәскеуге жеткізілгені туралы Кувейттің Al Jarida газеті жазады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Моджтаба Хаменеи АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдардың алғашқы күнінде жараланған. 

Дереккөздің мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада Иран президенті Масуд Пезешкианпен телефон арқылы сөйлескенде Моджтаба Хаменеиді Мәскеуге емделуге жеткізуді жеке өзі ұсынған.

Хаменеиге ота сәтті жасалып, қазір ол Путиннің резиденциясының бірінің аумағындағы емханада ем алып жатқаны туралы ақпарат бар. Дегенмен бұл ақапарат расталмады.

Айта кетсек, осыған дейін Иран Сыртқы істер министрлігі Моджтаба Хаменеи жараланғанын растаған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар