Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бала-шағамды асырауым керек»: Талғардың бұрынғы әкімі такси болып жүр

«Бала-шағамды асырауым керек»: Талғардың бұрынғы әкімі такси болып жүр
Сурет: Арыстанбек Әбілқайырұлының жеке мұрағатынан.
Талғардың бұрынғы әкімі такси болып ақша тауып жүргенін айтты.

Талғардың бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметінен кеткеннен кейін таксист болып жүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әкім журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында айтты. 

«Қазір үшінші күн болды, күн-түн демей таксист болып жүрмін. Өзімнің көлігім жоқ. Көлікті жалға аламын. Үйде жатқаным ұят болды. Бала-шағамды асырауым керек. Бұрынғы әкім – қазіргі таксист болып жүрмін. Түнгі үшке дейін жүрдім. Жоспар бойынша күніне 18 500 теңге жасау керек», – дейді экс-әкім.

Еске салайық, Талғар қаласының әкімі болған Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты биыл 12 ақпанда отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Арыстан Әбілқайырұлы Талғарда әкім болып бір жыл екі ай жұмыс істеді. Ол бұл лауазымға 2024 жылдың желтоқсанында өткен сайлауда жеңіске жеткеннен кейін келген. Оған дейін қаланы Бақыт Күрішбеков басқарған. Күрішбеков Шерзат Полаттың резонанс тудырған өлімінен кейін қызметінен алынды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар