Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл басшысына оқ тиіп, көз жұмды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл басшысына оқ тиіп, көз жұмды
Сурет: zakon.kz
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл басшысы мерт болды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл басшысына оқ тиіп, көз жұмғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай қарауылдың үшінші бекетінде болған. Бөлімшенің қарауыл командирін қарамағындағы қызметкер абайсызда атып қойған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Ішкі істер министрлігі оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

“Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша анықталады”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар