Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«+20 градусқа дейін күн жылынады»: алдағы күндері Қазақстанға нағыз көктем келеді

«+20 градусқа дейін күн жылынады»: алдағы күндері Қазақстанға нағыз көктем келеді
Сурет: pogoda.delfi.ee
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанда +20 градусқа дейін күн жылынады. Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Болжауынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылай түседі.

 

"Елдің солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстіктегі таулы аймақтарда ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін", - деді синоптиктер.

 

Күндіз ауа температурасы елдің батысында 10–15 градусқа дейін, оңтүстігінде 15–20 градусқа дейін, ал солтүстік пен шығысында 3–8 градусқа дейін жылынады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар