Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әйел бұған дейін құзырлы органдарға шағымданған": Атырауда күйеуі 62 жастағы әйелін пышақтап өлтірді

"Әйел бұған дейін құзырлы органдарға шағымданған": Атырауда күйеуі 62 жастағы әйелін пышақтап өлтірді
Сурет: видеодан скриншот
Ер адам әйелін пышақтап тастады.

Атырауда зейнет жасына таяп қалған күйеуі әйелін пышақтап өлтірген. Ішімдік ішкен ер адам отбасындағы жанжалда жылдар бойы отасқан жарын ажал құштырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Мерт болған әйел қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болған. Әріптестерінің айтуынша, марқұм бұған дейін отбасындағы қиындықтар, жолдасының озбырлығы туралы құзырлы органдарға шағымданыпты. 62 жастағы тұрғын бірден қамауға алынған

«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», - деді Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.


 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар