Иран Ормуз бұғазын белгілі шарттармен ашуға дайын екенін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:27
- 42
Иран белгілі бір шарттар орындалған жағдайда Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне рұқсат беруге дайын. Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.
"Ормуз бұғазының жұмысын қайта жандандыру мүмкіндігі санкцияларды кепілді түрде алып тастау, америкалық базаларды жабу, бұғатталған (ирандық - еск.) активтерді босату және доллардан бөлек валюталармен сауданы дамыту сияқты алдын ала шарттарға байланысты", - делінген хабарламада.
Тегеран бұған дейін АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясына қатыспаған елдердің кейбір кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергенін мәлімдеді.
Иран СІМ өкілі Исмаил Багаи бұғаз толық жабылмағанын, алайда кеме қатынасы белгілі бір шарттармен ғана жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ол бұл шарттардың нақты мәнін ашып айтпады.




