Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жасөспірімді зорлады деп айыпталған экс-шенеунік ауруханада қайтыс болды

Жасөспірімді зорлады деп айыпталған экс-шенеунік ауруханада қайтыс болды
Сурет: istockphoto.com
16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған шенеунік ауруханада қайтыс болды.

Орал қаласындағы тергеу изоляторында жатқан 57 жастағы Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы қайтыс болды. Марқұм кәмелетке толмағанға қатысты зорлық жасау күдігіне ілінген болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қамауда отырған күдікті 11 наурыз күні ауыр хәлде Оралдағы ауруханаға жеткізілген.

“11 наурызда күдікті денсаулығының нашарлауына байланысты Орал қаласының облыстық көпсалалы ауруханасының реанимациялық бөлімшесіне жатқызылды. Диагнозы: бауырдың токсикалық зақымдануы мен бауыр некрозы, инсулинге тәуелсіз кетоацидозды қант диабеті. Науқас 16 наурызда сағат 18:10-да есін жимей қайтыс болды”, – деп хабарлады полиция.

Болған жағдай бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде полиция басқа мәліметтерді жарияламады.

Айта кетсек, бұл іс бойынша Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғыны жәбірленуші деп танылған. Жасөспірім қыздың айтуынша, ол әлеуметтік желіде өзін жас жігіт ретінде таныстырған тұлғамен хат алмасқан. Кейін күдікті қызды үйіне шақырып, такси жіберген және мекенжайға келген бойда оған күш қолданып, жыныстық қатынасқа түскен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар