Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда мемлекеттік қызметте істейтін жүкті әйелдердің жұмыс уақыты қысқарады

Қазақстанда мемлекеттік қызметте істейтін жүкті әйелдердің жұмыс уақыты қысқарады
Сурет: Thomas Pompernigg / Ich bin schwanger!
Енді жүкті әйелдерге және науқас отбасы мүшелеріне күтім жасайтын мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста жеңілдік беріледі.

Бүгін Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді жүкті әйелдерге және науқас отбасы мүшелеріне күтім жасайтын мемлекеттік қызметкерлерге толық емес жұмыс күні белгіленеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Заң жобасында жұмыс уақытының режимі нақты реттелген. Дәлірек айтқанда, күнделікті жұмыс ұзақтығы 8 сағатқа дейін, ал апталық жұмыс уақыты 40 сағаттан аспайды.

Ал І және ІІ топтағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.

Жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналарға және науқас туысына күтім жасап отырған мемлекеттік қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыты беріледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар