Талғардағы бала ұрлау, зорлау, кісі өлтіру ісі бойынша кінәлі деп танылған бас күдікті 25 жылға сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:06
- 36
Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Талғардағы оқиғаға қатысты үш күдіктіге үкім шығарды. Басты күдікті 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші тараптың адвокаттары – Жандос Палманов, Гаухар Сариева және Асылбек Абдраимовтың айтуынша, негізгі айыпталушы жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ал екі кәмелетке толмаған сыбайласы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын ішінара қанағаттандырды. Негізгі айыпталушыдан марқұмның анасына, жұбайына және әпкесіне әрқайсысына 10 миллион теңгеден, жалпы 30 миллион теңге өндіріп алынады. Ал кәмелетке толмаған әрбір сотталғаннан үш жәбірленушінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден, яғни әр сотталғаннан 15 миллион теңге өндірілетін болады», – деді адвокат Асылбек Абдраимов.
Еске салайық, 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында ер адам екі кәмелетке толмаған сыбайласымен бірге жергілікті тұрғынды өлтіріп, оның екі жасар жиен қызын ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды, ал күдікті ұсталды.
Бұл іс қоғамда резонанс тудырғаннан кейін, баланың анасы бұған дейін айыпталушының зорлау әрекеті туралы полицияға хабарлағаны, бірақ оның сол кезде ұстала қоймағаны белгілі болды.



