Бюджеттен 6,7 миллион теңге жымқырған шенеунік сотталды. Ол "ҚазАвтоЖол" филиалының экс-басшысы, деп хабарлайды Kyn.kz.
Мәліметке сәйкес, ұлттық компанияның еншілес ұйымы "КАЖсервис" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалында жалған қызметкерлер арқылы бюджет қаржысы жымқырылған. Компания жұмыс істемейтін адамдарды қағаз жүзінде жұмысқа қабылдап, оларға жалақы жазып, ақшаны иемденіп отырған.
Қаржы жымқыру дерегі 2024 жылы анықталған. Оның негізінде қылмыстық іс қозғалған. Кейін заңбұзушылықтарға Шығыс Қазақстан облыстық филиалының экс-директорының қатысы бары анықталған. Нәтижесінде сот оны 2 жыл 9 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Прокуратураның апелляциялық шағымынан кейін жаза 3,5 жылға бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Ал келтірілген шығынды толық өндіріп алу туралы шешім қабылданды. Қазір шығын толық көлемде өтелген.
Келесі мақала
Ақтөбеде дүкеннен 15 млн теңгеге смартфон ұрлап кеткен
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың дерек шықты
- авторkyn.kz
- Бүгін, 17:33


