Ақтөбеде дүкеннен 15 миллион теңге көлемінде мобильді телефон ұрланған оқиға ашылды, деп хабарлайды Kyn.kz.
Бұл туралы полиция департаменті жазды.
Оқиға 15 наурызда түнгі уақытта орын алып, бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Белгісіз тұлға дүкеннің кіреберіс есігінің әйнегін балта арқылы сындырып, 18 мобильді телефонды ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында күдікті анықталып, қаладағы бір көшеден ұрланған телефондарды өткізуге әрекет жасаған сәтінде ұсталды. Барлық ұрланған құрылғылар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың дерек шықты
- авторkyn.kz
- Бүгін, 17:33


