Қоғам
«Диплом алып беремін»: Абай облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды
- автор kyn.kz
- 19 наурыз, 2026
- 456
Абай облысында полицейлер алаяқтық қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Kyn.kz.
Полицияға Үржар ауданының 24 жастағы тұрғыны жүгініп, 2025 жылдың ақпан айында алаяқтықтың құрбаны болғанын мәлімдеді.
Тергеу барысында 44 жастағы әйел диплом алуға көмектесемін деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның 600 мың теңге қаражатын иемденгені анықталды. Алайда уәде етілген құжат берілмеген.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Астанада ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026




