Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Екібастұзда мемлекеттік қызметкерлер құмар ойын ойнаған

Екібастұзда мемлекеттік қызметкерлер құмар ойын ойнаған
Фото: freepik
Екібастұзда мемлекеттік қызметкерлер букмекерлік кеңселерде белсенді түрде бәс тігіп келген, деп хабарлайды Kyn.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 млн теңгені құраған. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімі, Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері де букмекерлік кеңселерде бәс тіккен.

Барлық құқықбұзушылық фактілері жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.

Мемлекеттік қызметкерлерді бақылауды әлсіз жүргізгені үшін қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар