Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шәкірті: Жанар Айжанованың қыста қар күреп, көлік итерген кездері болған

Шәкірті: Жанар Айжанованың қыста қар күреп, көлік итерген кездері болған
ашық дереккөз
Әншінің айтуынша, өзі өнерге қадам басқан жастарға ақыл айтуға құқылы.
Жанар Айжанованың шәкірті ұстазының жұрт біле бермейтін мінезі мен әрекеттері туралы айтып берді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Аналар бағдарламасына сілтеме жасап. Әншінің қыс мезгілінде қар күреп, жүрмей қалған көлікті итерген кездері болған екен. «Сырттай қарап үлгі аламын ол кісіден. Көп нәрсені сөзсіз, қас-қабағынан түсінуге болады. Шыны керек, шәкірті ретінде көп сөйлетпеуге тырысамын. Ол кісіде мінез де, төзімділік те, сабырлық та бар. Бойынан тек шынайылықты байқаймын. Өзі жасандылықты жек көреді. Қыста қар жауса, ер адамның орнына қар күреп кете береді. Көлік тоқтап қалса, артынан итере береді. Әйел адамның көбісі ондайға бара бермейді. Ал Жанар ханым ешнәрседен қымсынбайды», - дейді шәкірті. Әншінің өзі де барынша шынайы болғанды ұнататынын айтады. Сондай-ақ, өнерге енді келіп жатқан жастарға ақыл айтуға, ұрысуға құқылы екенін сөз қылды. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар