"5 миллион теңге талап еткен": Тараз тұрғынын бопсалаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:41
- 18
Жамбыл облысында тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысы полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзін әлдекімнің бопсалағанын айтып, арызданған. Өтініш иесінің айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды.



