Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай облысында Kaz Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапты

Абай облысында Kaz Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапты
Фото: freepik
Қайғылы жағдай Бородулиха ауданында тіркелді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Kyn.kz.

Полиция мәліметіне сәйкес, 19 наурызға қараған түні шахтада жүргізілген жарылыс жұмыстарынан кейін көмірқышқыл газының деңгейі күрт көтерілген.

Таңертең екі жұмысшы шахтаға түскен кезде ес-түссіз күйде табылған. Оларға көмек көрсетуге барған учаске бастығы да газға уланып қалған.

Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар