Ақтөбе облысында өткен жылы 99 жасөспірім қыз жүкті болып қалған. Оның көпшілігі 17-18 жаста, ал кейбіреуі мектеп оқушылары, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Диапазон-ға" сілтеме жасап.
Гинеколог маманының айтуынша, қыздар аяғы ауыр екенін жүктіліктің 20-21 аптасында ғана білетін көрінеді.
"Туыстары қызының жүктілігі туралы көбінесе кеш біледі. Бұл жаста іш бұлшықеттері дамыған, жастар оверсайз киім киеді, ал жүрек айнуы мен құсу белгілері асқазан проблемаларымен байланысты болуы мүмкін деген ойда болады. Қыздар жүктіліктің 20-21 аптасында ғана дәрігерге келеді", - дейді балалар гинекологы Салтанат Тубылбаева.
Дәрігер жүкті болған жасөспірімдердің 98 пайызы босанатынын айтады. Ал кейбіреклері жүктілікті тоқтатуға мәжбүр.
"Балалар салмағы аз болып туылады. Жүктілікке байланысты жас қыздар терең күйзелісті бастан кешіреді – тек құрдастарының ғана емес, ересектердің де сынына, келеке-мазағына және қорлауына ұшырайды. Олармен психолог жұмыс істейді, бірақ отбасының қолдауы өте маңызды. Жағдай осылай болып қалғандықтан, біз балаға көмектесуіміз керек. Сөгіс пен қорлау қыздың көңіл-күйін көтермейді", - деп түсіндірді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, қыздардың 97-98 пайызы балаларынан бас тартпайды. Былтыр босанған жасөспірімдердің тек біреуінің баласы уақытша "Үміт" балалар үйіне орналастырылған.
Ал 17 жастағылар тұрмысқа шығып кетеді екен. Былтыр жүкті болған ең жас қыз 14 жаста болған. Ал бір жасөспірім мерзімінен бұрын босанған.


