«Бас жүлде - автокөлік»: Жанболат пен Жазира ұлдарының үйлену тойын дүркіретіп өткізді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:44
- 48
Күні кеше жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира жалғыз ұлдары Қазбектің үйлену тойын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үлкен той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Тойға 600-ден астам қонақ жиналып, 150 шақты мобилограф жүрді. Ал Youtube арқылы жүргізілген тікелей эфирді 450 мыңнан аса адам тамашалаған.
Тойға Мейрамбек Беспаев жұбайымен, Бүркіт пен Аиша, Гүлзира Айдарбекова, Қайрат Нұртас, Жұлдыз Әбдікәрімова, Алтынай Жорабаева, Бүркіт пен Аиша, Дариға Бадықова мен Олжас Абай, Мөлдір Мұқанова, Айгүл Иманбаева, Аша Матай мен Арман Қоңыр, Салтанат Бақаева мен жолдасы, Жеңіс Ысқақова, Тоқтар Серіков, Нұрболат Абдуллин Аша Матай және басқа да ресейлік шоу-бизнес өкілдері бой көрсетті. Көпшілігі жас жұбайлардың құрметіне музыкалық құттықтау жасады.
Қалыңдықты ортаға Қарақат Әбілдина мен Бейбіт Сейдуалиева алып шықты. Келіннің бет ашарын Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан жүргізді.
Тойдың басты ерекшелігі – бағалы сыйлықтар, ал бас жүлде ретінде – автокөліктің ойнатылуы болды. Темір тұлпарды Қазбектің Жалғас есімді досының жары ұтып алды.
Сәкен Майғазиевтің ұлы әрі Қазбектің досы Әділет жас-жұбайларға Кенияға жолдама және анасының бренді “Динара” шайын сыйлады.




