Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Данияр Шамшаев дзюдодан Еуропа кубогының алтын медалін иеленді

Данияр Шамшаев дзюдодан Еуропа кубогының алтын медалін иеленді
ҰОК
Сондай-ақ Хорватиядағы турнирде Қазақстан қоржынына күміс және қола медаль түсті.

Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Ұлттық Олимпиада комитеті.

Данияр Шамшаев (73 келі) алтыннан алқа тақса, Дамир Болатбеков (60 келі) турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медальға ие болды.

Дзюдодан Еуропа кубогының кезеңі Хорватияның Дубровник қаласында өтті.

Айта кетері, бұған дейін Нұрқанат Серікбаев Грузияның Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар