Ресейдегі жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде отыр
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 наурыз, 2026
- 504
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы Усть-Лугадағы вахталық кенттегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бас консулдығының мәліметінше, тәртіпсіздіктерден кейін түрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталған. Алғашқы тергеу шараларынан соң олардың басым бөлігі босатылған.
Бірқатар адамға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына да, 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалған. Үш азамат әлі де тергеуде отыр.
“ Қазіргі таңда вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысы бар екі тарапқа қатысты тергеу жалғасуда. Қазақстандықтардың ішінде зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ. Барлық ҚР азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 27 наурызда Ресейдің Ленинград облысында Қазақстан азаматтары жаппай төбелесті. Оқиғадан кейін ондаған адам ұсталған.
Қазақстанда 15 елді мекенді су басу қаупі бар (ВИДЕО)
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




